Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам үш жерде кездесу өткізді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 05.05.2018 2785 0 пікір
Өкіл имам үш жерде кездесу өткізді

ҚМДБ Павлодар облысының өкіл имамы Бертымұратов Жолдас бүгінгі қасиетті жұма күні қатарынан үш жерде болып  уағыз-насихаттар жүргізді. Кездесулер екі жердегі әскери бөлімде және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті. Шамамен бұл кездесулерге 500-ге жуық әскерилер мен студенттер қатысты. Уағыз-насихат тақырыбы: «Дәстүрлі Ислам бағытының негіздері». Өкіл имам уағыз барысында аудиториядан қойылған әртүрлі сұрақтарға да жауап беріп отырды.

Сонымен қатар, арнайы келген «Астана» телеарнасының тілшілеріне орыс тілінде сұхбат берді.

Жолдас Қоспақұлы журналистерге берген сұхбатында:

«Дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелеріне зайырлылық және дін мәселелері жөнінде сараланған, дұрыс, жүйелі, негізді көзқарастар қалыптастыру болуға тиіс. Дұрыс ақпаратпен қаруланған қоғам жүрер жолынан адаспайды, өмірлік бағыт-бағдарын өзі таңдайды. Еліміздегі діни ахуал жағдайында күн тәртібінен ұдайы түспейтін, жасаған сайын жаңғыртуды қажет ететін бірнеше өзекті тақырып бар. Оның бастысы «жат ағым», «діни экстремизм», «салафизм-уахабизм». Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Яғни дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды. Сондықтан дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстардың өзекті бағыттарының бірі – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту шараларын жүргізу болмақ»,-деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру