Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Діни экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым» (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 02.05.2018 4554 0 пікір
«Діни экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым» (ФОТО)

Шиелі ауданында «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбында аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға ауданға қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері, тұрғындар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, облыстық ішкі саясат басқармасынң басшысы А.Қайруллаев, доцент, философия ғылымдарының PhD докторы Е.Бекбосынов, эстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, PhD доктор, РАТТ мүшесі Қ.Құрманбеав, Дінтану ғылымдарының магистрі, АТТ мүшесі Ә.Жаппасбаев аталмыш тақырып төңірегінде баяндамалар оқып, өзекті мәселенің түйінін талқылады.

«Діни экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым», «Діни төзімділіктің Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудағы рөлі» тақырыптарында баяндама жасаған өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы:

«Тарих сахнасында көрініс тапқан жат ағымдардың жаңсақ идеологияларына қарсы тұрудағы басты құрал – ғылым мен білім екеніне көз жеткіземіз. Бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерімізді жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа бейбітшілік заманын мұра қылып қалдырған еді. Алайда, бүгінгі жас ұрпақтың елді қорғаудағы бірден-бір жолы ол – ғылым мен тағылым. Сондықтан да бүгіндегі еліміздің тыныштығын сақтаудағы басты құралымыз – діни ахуалдармен таныс болу, яғни ақ пен қараны ажырату арқылы – дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын меңгеру» - деп,   қазіргі уақыттағы дін ұстанушылардың қателіктері мен діни экстремизмнің алдын алу жолдарын айшықтап, түсіндіріп берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру