ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз мырза биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп атаған болатын. Осыған орай аймағымыздың бірнеше қаласында, атап айтқанда Жаңаарқа, Сатпаев қаласы мен Кеңгір елдімекенінде «Ислам және отбасы жылы» аясында рухани шара өтті. Осыған орай, көпшіліктің сұранысы бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, "Әйел-қыздар" бөлімінің басшысы Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы шақырылды. Шара барысында отбасы құндылықтары, исламдағы отбасының орны, бабалар өнегесі, дәстүрлі тәрбие мектебі, ажырасудың себептері және алдын алу жолдары секілді өзекті мәселелер талқыланды. Рухани шара соңында әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылып, уағыз насихат айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
24.04.2018
3362
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру