Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасиетті Құран – Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша жетінші республикалық Құран байқауының Атырау облысы өкілдігінде іріктеу туры өткен болатын.
Бүгін орталық «Иманғали» мешітінде іріктеу турының жеңімпаздарына қаржылай сыйлық табыс етілді. Құранның он парасын жатқа айтқан Халим Мұстафа бірінші орынның жүлдесін, Құранды мәнерлеп оқудан оқ бойы озық көрінген Мақсот Құсанұлы бас жеңімпаздың сыйлығын иеленді. Жеңімпаздарға жүлдені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров табыстады.
Айта кетелік, Құранды мәнерлеп оқуда Балтабай Ұлан мен Саламат Иманғалиев екінші және үшінші орынға табан тіреді.
Құранды жатқа айту және Құранды мәнерлеп оқу бойынша сынға түскен шәкірттер елімізге мәшһүр ұстаздар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров, Хусейн Кая, Батырәлі Бердіқұлов, Еламан Бегалиев, Мұрат Мұстафаев және Ержан Қағазғалиевтың алдында білімдерін сарапқа салғанын еске саламыз.
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
23.04.2018
3903
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру