Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау өкілі имамдарға бірқатар нақты тапсырма берді (фото)

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.  http://www.islam-atyrau.kz 11.04.2018 2923 0 пікір
Атырау өкілі имамдарға бірқатар нақты тапсырма берді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров бүгін қала және аудан имамдары үшін кезекті жиын өткізді. «Иманғали» орталық  мешітінде өткен жиында дін қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

Мәселен, жиын барысында «Ислам және отбасы» тақырыбы аясында міндеттер нақтыланды. Жыл басында бекітілген жұмыс жоспары пысықталды. Және әр қала, аудан, ауыл деңгейінде құрылған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ жұмысы бойыншажоспарлар бекітілді. Сонымен бірге, насихаттық топтың жұмыс нәтижелері жөніндегі есеп беру үлгісі таныстырылды.

Айта кетерлігі, жергілікті мешіттер халықты діни ағарту, асыл дінімізді насихаттау бағытындағы жұмыстарды күшейтетін болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру