ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Бірге жақсылық жасайық!» атты акция ұйымдастырды.
Шара аясында тасқын судан зардап шегіп отырған Зырян ауданына өңірдің барлық мешіттері бірлесіп 10 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешектің көмегін көрсетті. Өңірдің барлық аудан имамдары Зырян қаласында бас қосып, баспанасын су алып, зардап шегіп отырған отбасыларға қайырымдылық заттарын үлестірді. Өкіл имам бастаған имамдар тобына аудан басшылары алғыс айтты.
ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы:
Облыстық Дін істері басқармасының басшылығы да имамдармен бірге жүріп, осынау сауапты іске бастамашы болған өкілдіктің еңбегін халық алдында айырықша бағалады.
Өкіл имам бастаған өңірдің имамдары Зувовка, Малаевка қатарлы ауылдардағы уақытша паналау орталықтарында болып, тұрғындармен кездесіп, оларға рухани қолдау жасады. Барған жерлерінде қарапайым тұрғындар, қариялар өкілдікке шынайы алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
09.04.2018
2952
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру