Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: БАС МҮФТИ УНИВЕРСИТЕТТЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.04.2018 3081 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: БАС МҮФТИ УНИВЕРСИТЕТТЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері мен оқытушыларына дәріс берді.

Дәрісте Бас мүфти білім алудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

«Білімді жастар – ел болашағы. Біз бүгінгі заманның озық үлгілері мен игіліктерін үйренуіміз тиіс.

«...Істің болар қайыры,

Бастасаңыз Аллалап,

Оқығамаған жүреді

Қараңғыны қармалап», – деп, қазақтың ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин бабамыз жырлағандай, енжарлық пен жалқаулықтан арылып, талмай ізденуіміз қажет. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген. Демек, қазір біздің қоғамға өз ісінің майталман маманы бола білген иманды, жанашыр, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін парасатты мұсылмандар қажет. Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан ұрпақ елдің көсегесін көгертеді», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру