Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

 «Ислам және  отбасы жылы» аясындағы рухани отырыс

Қарағанды облысы бойынша өкілдігі 28.03.2018 3480 0 пікір
 «Ислам және  отбасы жылы» аясындағы рухани отырыс

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" бөлімі және "Әйел қыздар" бөлімінің ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде ақ жаулықты әжелерге арналған дастархан жайылды.

Бұл үрдіс облыстық мешіт ғимаратында дәстүрге айналған десек те болады. Дін басымыз, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза ағымдағы жылды "Ислам және отбасы" жылына арнаған болатын. Осыған орай, облыстық мешітте келешек ұрпаққа үлгі боларлық һәм насихат ретінде өткізіліп жатқан рухани шаралар жетерлік.

Мұндай шаралардың басты мақсаты - бүгінгі бойжеткен мен болашақ ана, ибалы келін тәрбиесі жайлы тәрбиелік сағаттар өткізіп, исламдағы отбасының бір кірпіші болатын ибалы қыз-келіншектерді дайындау. Кезекті рухани шарада ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Бекқожа мырза уағыз насихат айтты, Құран оқылды, бата берілді. Алдағы уақытта да осындай ізгі шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру