Иманын жүрегіне, қайратын білегіне қондырған намысты жігіттер бүгін өзара арқан тартысып, қол күрестірді. Сондай-ақ, салмағы 16 және 24 келі болатын гір көтеру жарысы да жұртшылықтың делебесін қоздырып, мешіт ауласын жанкүйер жамағаттың қолдауына толтырды. Бұған қоса, бұқа тартыс сайысы да көпшіліктің қызу қолдауына ие болып, мешіт ауласындағы мерекелік көңіл-күйді шарықтата түсті. Әз мереке құрметіне орай ұйымдастырылған спорттық сайыстар ішінде кішкентай бүлдіршіндердің де шеберлігін сынға салынды. Сақасын шыр үйірген кішкентай мұсылмандар бүгін ұлттық асық ойынымызды жаңғыртып, мергендіктерін көрсетіп бақты.
Сайыс жүлдегерлерінің барлығы «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай жүлдеге ие болды. Осылайша, ұлттық мерекеміздің құрметіне орай еліміздің Бас мешітінде ұлттық спорт ойындары ұлықталып, салауатты өмір салты дәріптелді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.03.2018
3367
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру