Еліміздегі орта арнаулы діни мамандарды даярлайтын 9 білім шаңырағының бірі Алматы облысындағы «Үшқоңыр» медресе-колледжіне қатысты басшылар Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді. Ректор, профессор Жуда Басюни медресе директоры Абзал Амиров пен ҚМДБ-ның Алматы аймағы бойынша өкіл имамы Қуаныш Наржанов мырзаларды арнайы қабылдап, білім саласына байланысты біршама мәселелерді талқылады.
Кездесу аясында екі құжатқа қатысты жағдайлар жан-жақты таразыланды. Атап айтсақ, екі жақтың кітапханасына шәкірттердің емін-еркін қолдануына келісімшартқа отырып, ғылыми-педагогикалық әріптестікті дамыту жолында ҚМДБ-сы құрылымына, мешіттер мен діни оқу орындарына педагогтық бағыт бойынша да заманауи ғылым мен тәжірибеге негізделген мамандар даярлауда ынтымақтастық таныту. Ол үшін Нұр-Мүбарак университеті ислам ғылымына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде дәріс беретін тиісті кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп, әріптестік тараптардың тапсырмасына сай ғылыми-педагогикалық зерттеуді басқару мен кеңес беруді ұйымдастыру және т.б. яғни білім мен ғылым саласын дамытуға тиесілі сан-салалы жақтарды қамту. Осындай өзекті мәселелер құжатқа түсірілді.
Кездесу соңында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мен «Үшқоңын медресе-колледжінің» директоры Абзал Амиров кітапханаға қатысты ортақ келісімшарт пен оқу орындарына қатысты меморандумға қол қойды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
20.03.2018
3836
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру