Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДАН АЯГӨЗГЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АТТАНДЫ (ВИДЕО)

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.03.2018 4062 0 пікір
АЛМАТЫДАН АЯГӨЗГЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АТТАНДЫ (ВИДЕО)

Алматы Орталық мешіттің ұйытқы болуымен «Ихлас» қайырымдылық қоры және мешіт жамағаты Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетті. Бүгін өңірге 15 тонна қайырымдылық жүгі артылған автокеруен жол тартты.
«Қайырымдылық керуені» атты акциясына Алматы қаласының тұрғындары мен дін қызметкерлері де үлес қосты. Акция аясында тұрмыстық заттар, киім-кешектер, көрпе-жастық және қаржылай көмек жиналды.

«Алматы қаласында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен атқарылып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға ортақ мәселе. Қиналған бауырларымызға қол ұшын созып, көмек көрсету баршамызға міндет. Қазір Аягөз ауданына 4,5 миллионнан астам қаржылай жәрдем, 15 тонна азық-түлік, жаңа киімдер, құрылыс заттары, көрпе-төсек, балаларға арналған тәттілер жіберіліп отыр», – деді бас имам Еркінбек Шоқай.

Қайырымдылық шара Діни басқарма бекіткен жұмыс бағыттардың бірі. «Қайырымдылық керуені» акциясы - қоғамда мейірімділікті, өзара риясыз көмек жасауды насихаттауға, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған игі жоба.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру