ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасына «Ислам және отбасы жылы» аясында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында, отбасы құндылықтарын қайта жаңғыртудың маңызы турасында сөз қозғалып, исламдағы отбасының орны, бабалар өнегесі, дәстүрлі тәрбие мектебі, ажырасудың себептері және алдын алу жолдары секілді өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, өкіл имам Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалығымен бекітілген «Ислам және отбасы жылы» аясында өңірімізде атқарылатын біршама бастамалар жөнінде сөз етіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ашылған отбасы мәселелері бойынша «Кеңес беру орталығының» қосар үлесі көп екенін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
20.03.2018
4149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру