Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен ұстазы Диляром Бектаева ақпараттық-түсіндіру тобының жыл белсенділері атанды. Олар облыстық дін мәселелері жөніндегі түсіндіру тобының құрамында жұмыс жасап, жат көзқарастағы азаматтарды дәстүрлі дінге бейімдеу бағытында жыл бойы тұрғындармен мекен-жайы бойынша кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының директоры Жандәулет Сүлейменов жуырдағы аптада өкілдіктің екі бірдей қызметкерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-сияпат ұсынып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
20.03.2018
3389
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру