Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандарға ас берілді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің  баспасөз қызметі 07.03.2018 3003 0 пікір
Зағип жандарға ас берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Ислам және отбасы» жылы аясында облыс орталығында тұратын зағип жандарға ас беріп, құрмет көрсетті. Шара Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті.  

Шараға 50-ден астам зағип жан қатысып, ақ дастарханнан дәм татып, ислами құндылықтардан тағылым тыңдады.

«Өкілдік тарапынан әркез зағип жандарға қайырымдылық жасап келеміз. Оларды қуанту, қоғамның мейірімді екендігін таныту, құрмет көрсету біздің басты мақсатымыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Ол сөз барысында дініміздегі қайырымдылықтың теңдессіз сауапты іс екендігін жеткізді.

Шарада «Зағиптар қоғамының» басшылығы осындай игі істі ұйымдастырғаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұжымына шынайы алғыс айтты.

Дастархан басында бабалар рухына Құран бағышталып, еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру