Көпшілікке аян, қазір еліміздің барлық аймақтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мазмұнды шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Соның бір көрінісі ретінде Таран ауданындағы «Әйет» мешітінің ұйытқы болуымен аймақтық мешіттер арасында спартакиада болып өтті.
Онда спорттың футбол, стол теннисі, мылтық ату, арқан тарту, қол күресі секілді түрлерінен сайыстар өткізілді.
Осынау салауатты өмір салтын насихаттайтын шараға Рудный және Лисаков қалалары мешіттерінің жамағаттары да қатысып, өздерінің бақтарын сынады.
Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Лисаков, екінші орынды Рудный қаласы және үшінші орынды Таран ауданының жамағаттары өзара бөлісті.
Сайыс соңында жеңімпаздарға лайықты құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Содан кейін мәртебелі қонақтарға дастархан жайылып, бұл кездесу тағылымды әңгімелерге ұласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.03.2018
3076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру