«Алғыс айту» күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырау облыстық «Қарттар үйінде» қайырымдылық шарасы өтті.
Орталық «Иманғали» мешітінің жамағаты және «Иман жастары» қанатының қатысуымен өткен шарада орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев уағыз айтты. «Адамдарға алғысы жоқтың - Аллаға шүкіршілігі жоқ» тақырыбында уағыз айтқан ол «шүкіршілік қалай атқарылады?» деген мәселеге кеңінен тоқталды.
Ал, «Иман жастары» қанатының мүшелері тағылымды шараны екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін айтып жалғады. Одан әрі жастар қарттарға қасиетті зәм-зәм суын құйып беріп, құрма таратты. Шара соңында қарияларға «Иман жəне дəстүр құпиясы» кітабы табысталды.
.jpg)

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
02.03.2018
3929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру