Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты үшін кешегі күн тағылымға толы өтті десе болғандай. Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген «Нұр Мүбәрак» университетінің ұстазы Шәмшат Әділбаева әйел жамағатымен кездесу өткізіп, ғұмырлық ғибрат болатын уағызға қанықтырды.
«Атымды адам қойған соң» деп аталатын кездесу аясында білікті ұстаз Бас мешіттің әйел жамағатына адамгершілік қасиеттер жайында ұғындыра түсті. Мұсылман баласына қойылған талаптар мен міндеттер аясында адами келбеті мен тұлғалық қасиетін арттыра түсетін амал-әрекеттер жайында да санамалап өтті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
28.02.2018
3831
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру