Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Игі шаралар жұртшылыққа қуаныш сыйлауда

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 27.02.2018 3347 0 пікір
Игі шаралар жұртшылыққа қуаныш сыйлауда

Талдықорған өңіріне қарасты бірнеше аудандарда өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен аудан кураторлары қайырымдылық, спорттық және насихат іс-шараларын атқарып қайтты. Атап айтқанда, Панфилов ауданында «Диана» медициналық колледжінде студенттерге "Дəстүрлі дініміздің құндылықтарының маңыздылығы" тақырыбы аясында лекция оқылды.

Қайырымдылық шараларына келетін болсақ, Жаркент қаласындағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге көмек көрсетілді. Балаларға 53 пар аяқ-киім, жеміс-жидек себеттері, 70 балаға ойыншық үлестірілді. Балалардың көңілдеріне қуаныш сыйлаған имамдарға бүлдіршіндер концерттік бағдарлама жасап, ізгі тілектерін айтты.

Орталық "Иман" мешітінің наиб имамы К.Дәуітов Панфилов ауданында мектепке күн сайын 8 шақырым жол жүріп баратын 7 сынып оқушысына велосипед сыйлады.

Ал, Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында Б.Римова атындағы орта мектебінде терроризмге қарсы топ мүшелері, дінтану мұғалімдері, ауыл әкімдері, ішкі саясат өкілдерімен семинар өткізіліп «Дініміздің асыл құндылықтары» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Сонымен бірге, «Қайырымдылық - қайырлы іс» атты шара барысында көмекке мұқтаж 21 отбасыға көмек көрсетілді. 

Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мешіттер және жамағаттар арасында «Ынтымақты жамағат» атты спорттық ойындардан: волейбол, шахмат, шағын футбол, стол теннисі және гір көтеруден жарыс өтті. Жарыс жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталып, құрметке бөленді. Осынау игі шаралар жұртшылықты қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру