Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстандық делегация Сауд Арабия королінің қонағы болды (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 19.02.2018 3580 0 пікір
Қазақстандық делегация Сауд Арабия королінің қонағы болды (ФОТО)

Сауд Арабисы Корольдігінің Ислами дін істері министрі Салих ибн Абдулазиз ибн Мухаммад делегация құрамында профессор Шамшәдин Керімді қабылдады.

Сауд Арабия Корльдігінің шақыртуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары мен Нұр-Мүбарак университетінің өкілдері  қасиетті Мекке мен Мәдина жеріне арнайы қонақ болып қайтты. Саудия патшасының шақыртуы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Азербайжан, Тәжікстан елдерінің зиялы өкілдерін қамтыған.

ҚМДБ-ның ХҚХ бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мен университет ұстазы, профессор Қайрат Затов мырзалар әуелі Мәдина қаласында Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар мешітінде құлшылық жасап, мешіт имамының қабылдауында болды. Сондай-ақ делегация әйгілі тарихи мекен Ұхұд тауы, Құба мешіттеріне зиярат жасады.

Пайғамбар (с.а.у.) қаласының қонақжайлылығынан кейін құрметті қонақтар қасиетті Мекке қаласында умра қажылығын өтеп, әл-Харам мешітінің имамымен кездесті. Қасиетті қос мешіттің архитектуралық көрмесімен танысып, қасиетті Қағбаның жамылғысы-қисуасын әзірлейтін Абдулазиз патша атындағы кешенде болып, Фахд патша атындағы қасиетті Құран шығаратын баспа кешенінің жұмыстарымен танысты.

Сауд Арабисы Корольдігінің Ислами дін істері министрі Салих ибн Абдулазиз ибн Мухаммад делегация құрамында профессор Шамшәдин Керімді қабылдап, ислам діні, білімі мен ғылымы төңірегінде біршама сұхбаттасты.

Бұл бізге жасалған ерекше ілтипат – бүкіл қазақ халқына деген құрмет деп білеміз. Осындай шаралар, біздегі ислам діні, біліміне қатысты жылы лебіздері күллі мұсылман жұртының бірігуіне ыпалын тигізелі анық,-деді профессор Шамшәдин Тұрсынұлы қасиетті сапарға қатысты ыстық естелігімен бөлісіп.

Қасиетті қос қаланың әсері патша қонақтары арқылы мұсылмандар арасындағы ынтымақты арттыра түсері сөзсіз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру