Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ұранға үн қосты (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.02.2018 3908 0 пікір
ШҚО: Ұранға үн қосты (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Сауаттылық - өзгеруге бастайтын қадам» атты «Аудандық әйел-қыздар жамағатының форумы» болып өтті.

Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатыұлы, облыстық ақсақалдар кеңесінің құрамындағы қариялар, аудандағы әйел жамағаттары қатысты.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатыұлы:

«Адамды өзгертетін-білім. Білім арқылы, сауаттылық арқылы өзімізді өзгерте аламыз. Бас мүфти хазірет "Рухани жаңғыру" аясында барлық дін қызметкерлеріне ұран тастады. Осындай шараларды өңірлік мешіттердің барлығында өткізуді жоспарлап отырмыз. Әсіресе, әйел-қыздар секторының жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру заман талабы болып отыр. Біз әйел жамағаттарының діни сауаттылығына аса мән берудеміз. Сондықтан, бүгінгі шараның маңызы зор»,- деп атап өтіп, ұлағатты құндылықтардан тағылым айтты.

Жиын барысында ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер рухани жаңғыру аясында ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.

Басқосу барысында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов өкілдіктен берілген бағыт бойынша «Өзгеруді өзіңнен баста» ұраны аясында Зайсан ауданы бойынша бірқатар шаралар жоспарланып отырғандығын жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру