Бүгін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы xазреттің қабылдауында болды.
Кездесу барысында Ақтөбе өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыру, жергілікті мешіттерді діни кадрлармен қамтамасыз ету және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу мәселелері талқыланып, осы бағыттағы іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бас мүфти айтылған ұсыныс-тілектерді тыңдап, өз кезегінде осы аталған ізгі бастамаларға қолдау білдіретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, өкіл имам Төлеби Дәділұлына осы бағытта бірқатар нақты тапсырмалар да берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
31.01.2018
4173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру