Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облыстық Жастар ісі секторы 2018 жылға арналған іс-жоспарын құрды (ВИДЕО)

muftyat.kz 15.01.2018 4269 0 пікір
Ақмола облыстық Жастар ісі секторы 2018 жылға арналған іс-жоспарын құрды (ВИДЕО)

Ақмола облысының 6 ауданында және Көкшетау мен Степногорск қаласы мешіттерінде жастар ісі жөнінде мамандар жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Науан хазірет мешітінде өткен жастар ісі секторы кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Бұған дейін мұндай қызметкерлер тек облыстық  орталық мешітте ғана бар болатын. Жиында жастар ісі жөнінде мамандардың алдағы жоспары пысықталды. Атап айтсақ, енді бұл қызметкерлерге жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, тәрбие танымдық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларды көптеп өткізу тапсырылады. Сондай-ақ, мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында шәкірттердің көбеюіне атсалысып, оқу ісіне жаңа бағдарламаларды енгізе отырып, интеллектуалды білім сайыстарын өткізу жүктеліп отыр. Ал, ең бастысы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін барынша жағдай жасау қажет.

https://youtu.be/8373NMxOTSQ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру