ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Діни бірлесіктердің жетекшілері клубының» кезекті отырысына қатысты.
Шараны Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы өткізді. Басқосуда діни бірлестіктердің жетекшілері мен басқарманың мамандары болды.
Отырыс барысында сөз алған Ермек қажы Тасболатұлы алдымен мәжіліске қатысушыларға желтоқсан айының басында ғана өткен ҚМДБ-ның V құрылтайы туралы айта келе, жаңадан сайланған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жайлы таныстыру жасады.
Ол өз сөзінде: «ҚМДБ Төрағасына жаңа қоғамдағы Діни басқарманың алдында тұрған келелі міндеттерді жүзеге асыра алатын тәжірибесі мол, білімді, кемелді тұлға сайланды. Кері ағымдармен күресті күшейту туралы Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес нақты шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұған дейін де ҚМДБ тарапынан көптеген тың бастамалар қолға алынып, игілікті ісер атқарылғандығын білесіздер» дей келе, қазіргі таңда жасалып жатқан істерге тоқталды.
Жиынға қатысушылар тарапынан Өскемен өңірі өкілдігінің жасап жатқан шараларының жұртшылықтың оң бағасын алып отырғандығы жайлы айтылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
29.12.2017
3393
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру