Алдағы уақытта елімізде ойыншықтар тек арнайы дүкендерде сатылуы мүмкін. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
Комитет басшысының айтуынша, енді кеденнен сертификатталған ойыншықтар ғана өткізіледі.
Мұнымен қатар, ол сатушылардан ойыншықтарды арнайы дүкендерде ғана сатуды талап ететінін айтып өтті.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, елімізге сапасыз ойыншықтарды тұрғындардың өздері шетелден аздаған партиялармен алып келеді.
Бұдан өзге ол қауіпті токсикологиялық көрсеткіштерге ие ойыншықтарды атады. «Карапуз» қуыршақтарын, «ЛАВА» жұмсақ ойыншықтарын, «Весенняя прогулка» жиынтығын және «Лягушка с лягушатами» атты пластмассадан жасалған ойыншықтарды сатып алмауға кеңес берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
28.12.2017
4518
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру