Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 28.12.2017 3601 0 пікір
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық әкімшілігінде Елордамыздың рухани өміріне серпін беріп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жемісті жұмыс атқарған діни сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин өткізген марапаттау рәсіміне Астана қаласындағы Ақпараттық түсіндіру тобы (АТТ) мүшелері, Діни бірлестік қызметкерлері, Еуразия Ұлттық университетінің ұстаздары, Дін стері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, Елордамыздағы еріктілер тобы мен қайырымдылық ұйым, қор жетекшілері шақырылып, арнайы «Дипломмен» мараппатталды.

Жемісті өткен жыл қорытындысы бойынша діни саладағы қызметкерлердің жұмысын бағалап, еңбектерін елеусіз қалдырмаған Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин өз ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі. Айта кетейік, аталған қызметкерлердің кейбіріне  Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің арнайы марапаты табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру