Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҢТҮСТІК ИМАМДАРЫ САРАПТАУДАН ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 28.12.2017 3251 0 пікір
ОҢТҮСТІК ИМАМДАРЫ САРАПТАУДАН ӨТТІ (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасына орай, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында ҚМДБ-ға қарасты аудан, қала, ауылдық мешіттердің имам-молдаларының діни білімі мен біліктілігін анықтау һәм бұйрықтандыру мақсатында арнайы сараптама өткізілді.

Комиссия құрамына ҚМДБ-ның діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев, ғұлама-ғалым С.Шоқанов, ҚМДБ кадр бөлімнің меңгерушісі Б.Бекмұратов және өкіл имам А.Керімбектер жүргізіп отырды. 

Жалпы, 2 күнгі созылған Сараптамаға бұрын бұйрық алмаған 195 азаматтар құжат қабылданды. Сараптау нәтижесі бойынша 190 имам, молда, азаншы және ұстаздар өткізілсе, ал 5 азаматтың сеніміне байланысты сараптамадан сүрінді.

Сараптама барысында имамдардан Құран қағидалары, ақида, фиқһ ҚМДБ-ның төрт құжаты және әкімшілік жүйе және түрлі кереғар ағымдардың шығу тарихы, зиянды тұстары, дін мен дәстүр  т.б. діни мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, сараптама кезінде ҚМДБ-ның діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев пен өкіл имам А.Керімбек тарапынан ауылдық мешіттердің имам, молдаларын діни біліктіктері артыру мақсатында Алматы қаласындағы 2 айлық Имамдардың білімін жетідіру Ислам институтынан өту және «Шымкент» медресе колледжінің оқу базасында қысқа мерзімді курстардан өткізу жайы тапсырылды.

        

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру