Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің бағдарламасы аясында бекітілген дәрістер толассыз жүргізілуде.
Аталмыш бағыт бойынша үш ай бойы білім алған мешіт шәкірттері кезекті оқу мерзімін тәмамдап, емтихан тапсырды. Ұстаздардың қажырлы еңбектерінің арқасында жыл сайын бұл үрдіс жалғасын тауып, мешіт жамағаттары діни сауатын ашып, қасиетті Құран Кәрімді тұп нұсқасынан оқи алатын дәрежеге жетіп жатыр.
Сынақты жоғары деңгейде тапсырған 96 шәкіртке, Алматы қаласы бойынша оқу - ағарту саласының жауаптысы, әрі Алматы Орталық мешітінің ұстазы Сапанов Талғат Дайрабайұлы мен Алматы Әйелдер-қыздар секторының басшысы, Орталық мешіттің ұстазы Ахметова Маржанқыз сертификат табыстады. Жиналған жамағатқа білім алудың пайдасы мен маңыздылығы жайлы уағыз - нәсихаттар айтып, бүгінгі жетістікке қол жеткізген барша шәкірттерді құттықтады.
Сондай-ақ, діни ағарту саласында атқарған жұмыстары үшін мешіт ұстаздарына бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлының атынан «Алғыс хаттар» табыстап, еңбектеріне жеміс тіледі.
Хадисте: «Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, оны шариғат білімдерінің білгірі етіп қояды», – делінген. Демек, діни тағылымдарды, шариғат мәселелерін, дәрет, намаз, ораза, қажылық және тағы басқа шариғи мәселелерді білу, оны жақсы түсініп, басқаға үйрете алу – пенде үшін үлкен бақыт әрі Алланың берген бағы.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2017
3743
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру