Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күніне байланысты тойланатын мейрам Мәуліт мерекесі деп аталады. Бұл мұсылман жұртшылығының басын қосып, пайғамбарымыздың тағылымға толы өмірбаяны мен хадистерін жан-жақты насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде тойланып келеді. Ақжайық жұрты «Мерейлі мәуліт» атты рухани мерекесін облыстық Жастар шығармашылық орталығында салтанатты түрде атап өтті.
Сахна шымылдығы «Алла елшісіне сағыныш хат» атты бейнебаянмен ашылып, мерейлі мереке Құран оқумен басталды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша Руслан қажы Сұлтанов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов сөз алып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Орал медресесінің шәкірттері мен өнерпаздар діни әндерді орындады. Фархат Оразов «Пайғамбарға мадақ», Нұрбол Қабдуллин «Пайғамбарға арнау», «Асыл адам», Бауыржан Қыдырғалиев «Келесі жұмаңды нәсіп ет Алла» атты діни әндері көпшілік көңілінен шығып, жиналған қауым дән риза болды. Айтыс өнерінде жүрген Мұрадым Мирланов пен Айнабек Бисенғалиев айтысып, жамағатқа жырдан шашу шашып, дүйім жұрт бір марқайып қалды.
Жиын соңында өңірімізде дәстүрлі Ислам дінін насихаттап жүрген өнерпаздар мен аталмыш оқу орнының шәкірттеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осылайша, пайғамбарымыздың өнегелі де, ғибратты ғұмыры, Ислам дінін дамытып, насихаттауға сіңірген еңбегі, көрген қиыншылықтары барынша шынайы көрсетілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
27.12.2017
3449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру