Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Елбасы: Басқа ағымға дінді бұрып әкетіп, бүлік шығаратын террористер шықпауы керек ішімізден

sputniknews.kz 26.12.2017 3619 0 пікір
Елбасы: Басқа ағымға дінді бұрып әкетіп, бүлік шығаратын террористер шықпауы керек ішімізден

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дін саласындағы проблемаларды еңсеру үшін қандай шаруалар атқарылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі заманда діни ахуал ылғи көз алдымызда болуы керек. Қазір Сирияда, өз ішімізде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Біз қазақстандықтар зиялы қауымбыз. Дін мәселесі мемлекеттен бөлек тұрады. Дегенмен оны басқармай болмайды. Сондықтан жағдайды егжейлі-тегжейлі біліп отыру үшін арнайы министрлік құрылды. Қара киім киіп, тұмшаланып жүру қазақтарда еш уақыт болған емес. Әйелдердің барлығын бетін жауып, әйелдер екінші сортты адамдар деген ел емеспіз. Оны да қарау керек. Сақалы беліне түскен адамдар да бізге жарамайды. Өзіміздің ата-бабадан қалған жолымыз бар. Сол жолмен жүруіміз керек", — деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Әбішұлы барлық мұсылман елінде діннің жұмысы мемлекеттің қадағалауында екенін атап өтті. 

"Ол Түркияда да, Сауд Арабиясында да, мұсылманбыз деген барлық араб елінде бар. Біз де қадағалап отыруымыз керек. Ешкімге шектеу жоқ. Қазақстанда 3000-ға жақын мешіт ашылды. Кім қай дінді ұстанғысы келсе, ерік өзінде. Дегенмен елімізде бүлік салмауы керек. Басқа ағымға дінді бұрып әкетіп, бүлік шығаратын террористер шықпауы керек ішімізден", — деді президент.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру