Мәуліт мерекесі Ақтөбенің Ойыл, Әйтекеби және Мәртөк аудандарында Мәуліт мерекеленді.
Мұхаммед (Алланың ол кісіге салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мүбәрак айдың құрметіне арналған рухани кешке барша аудан тұрғындары қатысып, екі дүние сардарына деген сағыныштарын жеткізді.
Әйтекеби аудандық Мəдениет үйінде өткен Мәулітте өкіл имам Төлеби Оспан баршасын мүбәрак аймен құттықтап, Мәулітті мерекелеудегі басты мақсат – Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) парасатты ғұмырын паш ету, бойындағы көркем қасиеттерін үмметіне үлгі ету, ардақты пайғамбарға көбірек салауаттар жолдап, сағынышымызды жеткізу екендігін айтып, тілге тиек етті. Аудандағы "Замандас" халықтық театрының әртістері әз пайғамбар өмірінен, өзге де тәрбиелік мазмұнда сахналық қойылымдар ұсынды. Бірінде исламға дейінгі арабтардың өмірі суреттелсе, енді бірі отбасы тақырыбына арналды. Ауданның Бас имамы Бауыржан Шекпенов Мәуліт жырын оқыды. Одан бөлек аудан өнерпаздары діни жыр-толғаулар мен термелер орындап, терең мағыналы сөздер көпшіліктің көңілін марқайтты.
Өкіл имамның жолдауымен Ойыл ауданындағы рухани кешке Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Амантай Садиев және наиб имамы Алтынбек Хусаинов, ал Мәртөктегі Мәулітке «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев қатысты. Имамдар «Пайғамбарға деген сағыныш» тақырыбында баяндама жасап, бұл сағыныш Елшіге еліктеумен, салауаттар жолдап, оның көркем қасиеттерін өн бойға сіңірумен көрініс табатындығын жеткізді.
Кеш жалғасы мерекелік дастарханмен ұласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
21.12.2017
3341
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру