Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мәуліт өтті (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.12.2017 3174 0 пікір
Маңғыстау: Мәуліт өтті (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің ұстазы, Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Гауһар Жұмағалиева 17-ші желтоқсан күні облыстық мешітте мәуліт кешін ұйымдастырды.

Исі мұсылман баласы үшін мәуліт айының орны ерекше. Осынау Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеге келген айда Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген сағыныш пен сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде мәуліт оқылып, Пайғамбарымызыдың (с.а.у.) өнегелі өмірінен уағыз айтылып, рухани қойылымдар қойылып, дастархан жайып, салауаттар айту үрдіске айланды.

Сондай шараның бірі ретінде сауат ашу курсына қатысушы шәкірттерді ұйымдастырып, жанға рухани нәр беретін рухани кеш өтті. Шәкірттер Құран оқып, салауаттар айтып, қойылым көрсетіп, дұға етті. Шара соңында дастархан жайылды.

Осы ретте, Әйелдер-қыздар секторының жыл басынан бері көптеген шараларды ұйымдастырып келетінін айтып кеткен жөн. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру