Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі дәстүрлі жексенбілік уағызы бұл жолы бұрынғысынан да тартымды өтті. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген кездесу аясында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан ынтымақ-бірлік жайында уағыз айтып, ғибратты отырыс өткізді.
Ширек ғасырдан асқан егемендігіміздің арқасында жеткен жетістік пен бағындырған биіктердің барлығы да халық ынтымағы мен бірлігінің арқасында екенін тағылымды оқиғалармен тұздықтай отырып жеткізген наиб мүфти уағызының әсері де ерекше болды. Бүгінде ынтымағы жарасып, ырысы молайған бейбіт еліміздің бірлігіне сына қаққысы келетіндер жайлы да қозғай өткен Бауыржан Есмахан бірлік пен татулықтың мәнін жамағатқа тартымды тілмен түсіндіріп берді.
Кездесу соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптардың түйіні тарқатылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
20.12.2017
3349
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру