Нұр-Мүбарак университеті үшін желтоқсан айы жаңа леп, жаңа рухани серпіліс беретін ерекше ай. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік мерекесін ерекше ықыласпен атап өтетін университет биыл да айрықша құлшыныспен қарсы алуда.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!–деп
әнұранмен басталған салтанатты мереке ректор, профессор Жуда Басюни мырзаның құттықтау сөзімен жалғасты:
Ал проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза:
Келесі сөз Желтоқсанға қатысушы Сайфолла Бейсенбайға берілді. Ол өткен күндерге шолу жасай келе, қатты толғанысын білдіріп, жастарға амандық тіледі. Бірге қиындық күндерді бастан кешкен достары жайлы еске түсірді. Студенттер қасиетті Құран оқып, боздақтардың рухына бата бағыштады. Салтанатты жиын ары қарай студенттердің өнерімен жалғасты. Жастар шығармашылығынан желтоқсан жайлы өлең-жыр, монолог оқылды.
Ал Қазақ хандығынан бастап тәуелсіздікке дейінгі кезеңді қамтитын «Тарих тағылымы» атты қойылым көріністе бүкіл көрермендер, шәкірттер де, ұстаздар да, қонақтар да іштен тынып, көздеріндегі жасқа ие бола алмай отырды.
Халықты алға бастаған ұлт зиялыларының, батырларының ерліктерінен үзінді келтіріп, бүгінгі күннің қадірін түйсіндірді, өнерлерінен сүйсіндірді.
Ата-бабаларының аманатын арқалаған, артынан Құран бағыштайтын иманды да жалынды жастардың барына шүкіршілік еткізді.
Сондай-ақ университет аясында студенттерді ғылымға баулу барысында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығы мен 1937 жылы басталған қанды қасапқа (репрессияға ) 80 жыл толуына орай «Ұлттық мемлекет немесе тарихи сабақтастық» атты ғылыми-конференция жеңімпаздары марапатталды. Арнайы диплом мен сертификатты проректор, профессор Шамшәдин Керім мен тарих пәнінің оқытушысы Досымбек Хатран мырзалар табыс етіп, студенттерге сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталып, барлығы тәуелсіздігіміз үшін қызмет етеміз дегендей тікесінен тік тұрып құрмет көрсетті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
15.12.2017
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру