Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» жобасына үн қосу мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі айырышқа шара ұйымдастырды.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 3 айлық білім алып жатқан облыстың ауыл, аудан, қала имамдары Тәуелсіздік күні мерекесін арайлы Астанада қарсы алды.
Имамдар алдымен ЭКСПО аумағындағы «Нұрлы әлем» павильонын аралап тамашалды. Бұдан соң Елбасы мұражайына, Бәйтерек, «Қазақ елі» монументімен танысады. Олар Астанаға саяхат сапарын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде зиярат етіп аяқтайды деп жоспарланып отыр.
«Имамдарымыз Астанамен таныссын, еліміздің айшықты келбетін көрсін деп осы шараны өкілдіктен арнайы жоспарлап, іске асырып отырмыз. Бұдан бұрын да 1 кезекте білім алған имамдарды да Елордаға арнайы апарған болатынбыз. Тәуелсіздік қарсаңында еліміздің Бас қаласы Астанамен танысу имамдарымыз үшін ерекше әсерлі оқиға деп айтар едім» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Имамдарды өкілдіктен арнайы автобуспен жол бастаушы бастап келген. Олардың жол шығын мен Астанадағы тоқтайтын орны, ас-суын өкілдіктен қамтамасыз етілді.
Бас қаланы көруге мүмкіндік берген өкілдікке имамдарда да риза.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.12.2017
3342
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру