Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

2021 жылы Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетеді

baq.kz 14.12.2017 4598 0 пікір
2021 жылы Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетеді

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов Қазақстан халқының саны қашан 19 млн-нан асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

 
Нұрболат Айдапкелов жаңадан қосылған онлайн есептеуіш 2021 жылы елімізде тұрғындар саны 19 млн-ға жететінін көрсетіп тұрғанын айтты.
«Шамамен 2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетеді», - деді төраға xалық санының есептеуішті таныстыру сәтінде.

Айта кетейік, енді Қазақстанда тұрғындар санын онлайн есептеуіш арқылы бақылауға болады.

АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да әлемнің көптеген мемлекетінде xалық санының есептеуіші бар. Ал бүгін таныстырылған қазақстандық есептеуіштің артықшылығы – негізгі деректер ай сайын жаңартылады. Есептеуішті жасап шығаруға бюджеттен ешқандай ақша кетпеген. Комитет қызметкерлерінің бірі бастама көтеріп өзге де құрастырушылармен бірге есептеуішті жарты жылда дайындап шыққан.

Сондай-ақ, комитет 2018 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап өңірлер мен Астана, Алматы қалалары тұрғындарының саны есептеуішін енгізуді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру