Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Мешітте мәуліт дастарханы жайылды (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.12.2017 3204 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Мешітте мәуліт дастарханы жайылды (ФОТО)

Адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесіне орай  Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жылдағы үрдіске сай дастарханын жайды.       

Құран оқумен бастаған дастархан басында сөз алған ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбеков «Мәуліт өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру» - деді.

Арнайы сұрақтар қойылып, келген қонақтарға сыйлықтар үлестірілді.

Игі шара облысқа қарасты басқа да мешіттерді өз жалғасын табатын болады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру