Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы» тақырыбында Мәуліт мерекесі аталып өтілді.
Рухани шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, Құлсары қаласы әкімі Шәкір Кейкін, қажылар қауымдастығы өкілдері, мешіт имамдары мен жамағаттары қатысты. Әуелі Жылыой орталық мешітінде жалғама құрылыстың ашылу рәсімі өтті. Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынған бұл нысанның мешіттің сыйымдылығын едәуір арттырғанын атап өткеніміз жөн.
Одан әрі «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің дәмханасында мәуліт рухани танымдық кеші өтті. Жиылған жамағатқа Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) адамзатқа құтқарушы болып келуіндегі хикмет пен өмір тарихын баяндайтын «Пайғамбарға сағыныш» атты бейнебаян көрсетілді. Кейін сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жылыой орталық мешітінің баспасөз қызметі
13.12.2017
3714
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру