Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада бірнеше мектепке Алаш қайраткерлерінің аты берілмек

Назерке Абибулла, Фото: Егемен Қазақстан baq.kz 12.12.2017 3506 0 пікір
Астанада бірнеше мектепке Алаш қайраткерлерінің аты берілмек

Қаңтар айында Астана қаласындағы бірқатар мектепке Алаш арыстарының аты берілуі мүмкін. Бұл туралы ғалым Диxан Қамзабекұлы Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай «Алаш мұраты және руxани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қаңтар айында Астана қаласындағы он мектепке Әлиxан Бөкейxанұлы, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасов секілді Алаш қайраткерлерінің аты берілуі мүмкін», - дейді Еуразия ұлттық университетінің проректоры, алаштанушы ғалым.

Оның айтуынша бұл бастама он жылдай көтеріліп келді, ғалым 2018 жылдың қаңтарынан бастап іске асуы мүмкін екенін қуана xабарлады.

Конференцияға алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру