Мешіттердегі діни сауат ашу курсының діни басқарма бекіткен оқу бағдарламасының 1-кезеңі аяқталды. Осыған орай, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстаздары Кенжегүл Қошқарова, Диляром Бектаева және әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының ұстазы Жансүгірова Бақыт шәкірттерден емтихан алды.
Шәкірттер әліппе, тәжуид, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі және сахабалар тарихы пәндерінен алған ілімдерін таразылады. Сынақ барысында сүрелерді тәжуид ережесімен талдап, сұрақтарға жауап беріп, жазбаша тапсырмалар орындады.
Қазір шәкірттер оқу бағдарламасының 2-кезеңіне көшті. Мұнда қарапайым студенттен бастап қартқа дейін қатар оқиды. Ілім үйренуге келген ықыластары бір, ізденіс бар.
Жуырда «Нұр Ғасыр» мешітінің 27 шәкірті араб әліппесінен Құранға түсті. Мешіт ұстаздары бұның құрметіне тәж кигізу рәсімін ұйымдастырып, дастархан жайды. Шара барысында Құранның қадір-қасиеті жайлы бейнероликтер көрсетілді. Ұстаздар құран ілімін үйрету мен үйренудің артықшылығы, құран оқудың әр әрпіне сауап жазылатын амал екендігін баяндап, пайдалы уағыз-насихат айтты. Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіліп, қияметте ата-анасына алтыннан тәж кигізер абзал ұрпақтардан болсын деген ізгі тілектер жолданды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
06.12.2017
3929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру