ҚМДБ-ның өткен жылы құрылған жастар ісі секторы жастардың қоғамдағы орнын, рөлін айқындау, өз ортасында белсенділік танытуға, еңбекқорлыққа, жан-жақтылыққа баулу, уақыттарын ұтымды ұйымдастыру, жастардың ашық пікірталас алаңын қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келеді. Оған сектордың әр өңірдегі жауапты өкілдері үлкен үлес қосуда.
Жуырда Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры жастардың басын қосып, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өткізді. Сондай-ақ, қор жанынан ашылған «Стимул+» клубына 1 жыл толуы да аталмыш мерекемен тұспа-тұс келді. Шараға жастар ісі секторының облыстағы жауапты өкілінің атынан қалалық орталық мешіттің наиб имамы Шынболат Үмбетов және «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының мүшелері қатысты. Шара барысында Тәуелсіздік жылдарына дейінгі тарихымыздан, Елбасының даналыққа толы ғұмырынан сыр шертіліп, сахналық қойылымдар қойылды. Мағыналы өлең шумақтар оқылып, жырдан шашу шашылды.
Жиын соңында жастар ісі секторының облыстағы жауапты өкілі, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлына қор атынан Алғыс хат табысталып, бірлесе өткізілген шараларға белсенді қатысқандары, жастарға қолдау білдіргендері үшін ризашылықтарын жеткізді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
04.12.2017
3478
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру