Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде шәкірттер мәуліт өткізді (ФОТО)

«Халифа Алтай» мешітінде шәкірттер мәуліт өткізді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдіктің сауат ашу курсы ұстаздарының ұйымдастыруымен мәуліт мерекесі аталып өтті.

Шараға сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттер қатысты.

Олар Ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с) Мәуліт айтты. Сонымен қатар шарада діни рухани әндер шырқалып, тағылым, насихаттар айтылды. Күмбірлі күй шертілді.

«Біз бұл шараны Алла Елшісіне (с.ғ.с) құрмет көрсету мақсатында жасап отырмыз. Сонымен қатар мұнда кері діни ағымдарға қарсы насихат айтылды» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Ақзанбек Маушиан.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру