Алматы өңірінде 1 желтоқсан - тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.
1 желтоқсан - тұңғыш Президент күнінің құрметіне Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылдық мешітінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көңілін көтеру, оларға көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылған шараны өңір имамы Қуаныш Бақытбекұлы ашып, жиналған қауымды мейраммен құттықтап, береке тіледі.
Алмалыбақ ауылында орналасқан дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын «Әл-Фараби» атындағы арнаулы гимназиясы және «Алмалыбақ» атындағы орта мектеп гимназиясының жағдайы төмен 20 шәкіртіне күнделікті азық-түлік себеттері берілді.
Іс-шараға округ әкімінің орынбасары, мешіттің әжелер төрайымы, мешіт алқасының төрағасы мен жамағат қатысып, тілектерін жеткізді. Жиын соңында өкіл имам игі іске ұйытқы болған жомарт азаматтарға, мешіт имамы Қуандық Ерназарға және өзге де қайырымды жандарға шексіз ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
30.11.2017
3917
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру