Бүгін, еліміздегі діни оқу ордасының бірі һәм бірегейі «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің студент жастармен кездесу шарасы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Дінтану», «Исламтану» факульттерінде Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп оқып жатқан студенттердің қал-жағдаймен танысу болатын. Кездесу сәтінде өкіл имам А.Пірәліұлы 2018 жылы бітіруші түлектерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жерге туыңды тік идиясы бойынша бітірген соң елге келіп мешіттерде қызмет ету сауапты һәм жауапты амал екенін айтап өтті. Мұнымен қатар, студенттерге бар уақытты білім алуға жұмсау қажет екіндігін айтып, олардың бірқатар сұрақтарына тұщымды жауап берді.
Осындай кездесу шарасын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған аталған оқу ордасының ректор, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни және проректоры, профессор Шәмшәдин Керім мырзаларға Алла разы болсын!
Осы тұста айта кету керек, өкілдік тарапынан өткен 2016-2017 оқу жылының төлем ақысына қиналып жүрген, жағдайы төмен бірақ сабақ үлгерімі жақсы 14 студенттің жылдық төлем ақысына қаржылай көмек берілген болатын.
Сонымен қатар іс-сапар аясында өкіл имам А.Пірәліұлы Алматы қаласындағы ҚР Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болып имамдармен кездесті. Жиын барысында аталмыш оқу ордасының директоры Кенжәлі Мырзабаев мырза оқу барысы туралы қысқаша түсіндіріп берді.
Аталмыш оқу ордасында оқып жатқан имам, молдаларға толық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамағы мен жылы жатын орын қарастырылған екен. Күнделікті өткізілетін дәрістердің саны мен сапасына мән беріліп отырғандығы атап өтілді.
Жалпы, ұйымдастырылған кездесулер жоғары деңгейде өткізілді деуге әбден лайық.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
29.11.2017
3841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру