Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының іс басқарушысы Орын Ербосын Бектұрсынұлы мен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы Бекжігітов Тараз шаһарына іс-сапармен ат басын тіреді. Мешіт жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында діни басқарма өкілдері облыстарды аралауда. Кезек Жамбыл жеріне жетіп, мамандар өңір имамдармен кездесіп, құлшылық үйлерінің жұмысымен, ішкі ахуалымен танысты.
Сонымен қатар 4 құжат бойынша тексеру жүргізіп, мешіттер мен мешіт ғимараттары орналасқан жер телімдерінің құжаттарын реттеу мәселесін көтерді. Сондай ақ, мешіттердің ішкі қаржы-экономикалық ахуалын сөз еті.
Жәнділлә Мамытханұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен жаңадан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасы жайлы имамдарға айтып өтті.
Бас қосуға арқау болған мәселелер толықтай талқыланып, жақсы баға берілді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақерке БЕКҚҰЛОВА, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы баспасөз қызметі
29.11.2017
4118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру