Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Дін мамандарына семинар-тренинг өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2017 3312 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Дін мамандарына семинар-тренинг өтті

ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешіті, Облыстық дін істері басқармасы ММ, «Асар» ақпараттық-орталығы ЖММ бірлесіп дін мамандарына облыс деңгейінде семинар-тренингтер ұйымдастырып келеді.

Кезекті семинарды өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков өткізген болатын. Бас имам деструктивті діни ағымдарға бейім және зардап шеккен тұлғаларды оңалту, кеңес беру жұмыстарын жүргізетін мамандарға арналған басқосуда «Исламдағы теріс діни ағымдардың тарихы» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Сонымен қатар өкіл имам қатысушылар тарапынан қойған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш семинарға облыс бойынша 19 имам мен 8 телог қатысты. Шара соңғында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру