Бүгін «Руханият» облыстық орталық мұражайында қала және аудан имамдары 2017 жылы атқарылған іс-шаралардың есебін берді.
Іс-шаралар діни басқарма бекіткен төрт бағыт аясында топтастырылды: қайырымдылық, уағыз-насихат, оқу-ағарту бағытында және жат ағыммен жүргізілген жұмыстар. Бұдан бөлек мешіттердегі қайта қалпына келтіру жұмыстары, құжаттарды рәсімдеу, өзге де ауқымды іс-шаралар атап өтілді. Имамдар есептерінің видеоролик, слайд және кітап нұсқасын да әзірлеп, таныстырып өтті.
Өкіл имам Төлеби Оспан қалалық орталық мешіт және Мұғалжар, Темір, Хромтау секілді бірқатар аудан мешіттерінің жұмыстарына жақсы деген баға беріп, жылдық есепке дайындықтарын ерекше атап өтті. Десе де, есеп-қисап жұмыстары, мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын назарға алу керектігін ескертіп, іс-шараларды сапалы фотоаппаратқа түсіру, ақпараттарды сайт, әлеуметтік желілерге орналастыруда белсенді болу секілді жайттарға тоқталып өтті.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
28.11.2017
4708
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру