Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттерімен кездесу өтті

www.muftyat.kz 27.11.2017 3532 0 пікір
Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Бүгінгі таңда заң жобасындағы кейбір баптарды бұрмалап көрсету арқылы халық арасында дүрбелең туғызатын жағдайлар кездесіп жатқаны да жасырын емес.

Осындай келеңсіздіктерге байланысты дінтанушы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттерімен кездесті. Ол алғысөзін ислам тарихынан бастады. Сонау 8- ғасырға дейін Орта Азия елдеріне ислам діні келмей тұрып қандай ілімнің саласынан болмасын ешбір ғалымның шықпағанын, ислам ілімінен нәр алғаннан кейін сол өлкеден сан алуан ғылымның иелері шыға бастағанын айта келе қазіргі таңдағы діни қызметкерлердің бойынан жан-жақтылық қасиеттің табылуы керектігін жеткізді.

Содан кейін діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты түсіндірме жасады. Діни қызмет және діни бірлестік­тер туралы заңнама азаматтардың құқықта­рының сақталуына кепіл болуды көздейтінін және діннің экстремистік және басқа да деструктивті іс-әрекеттерде қолданылуын азайту мақсатында құқық нормаларын орнатуға бағытталғандығын айтты.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектеп үшін міндетті киім үлгісін бекіткен кезде де оқушылардың оқу орындарынан тысқары және сабақ аяқталғаннан кейін қалаған киімін киюге еркі бар екенін айтып өтті.

«Мемлекет діни некеге тыйым салу мәселесін емес, оны реттеуді қолға алып жатыр. Егер екі жас шариғатқа сай неке қиғысы келсе, алдымен ресми тіркеуден өту керек деген талап қойылды. Себебі, қазіргі таңда жат ағым­дағы қандастарымыздың қалыңдықты қолдан қолға ауыстыратыны туралы мә­лі­мет­тер баршылық. Мұны тоқтату ке­рек»,- деді теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру