Мұсылман қаумының мәні мен маңызы ерек мерекелері бар. Солардың бірі - Мәуліт. Жаратылғандардың асылы, екі дүние сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған айы «мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз.
Осыған орай, ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласындағы өкілдігі «Мәңгілік өнеге - Әз Мұхаммед Мұстафа» атты тағлымды мәуліт кешін өткізді. Әрі бұл бастама былтырғы жылы алаш рет Алматы қаласында тек әйел жамағатына арналып бастау алған болатын.
Кешке ҚМДБ-ның "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Ақбердіұлы, ҚМДБ-ның Әйелдер қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, сондай-ақ, әр облыстың әйелдер-қыздар секторының басшылары қатысты.
Құранда: «Пайғамбарлар мүминдер үшін өздерінен артық» дейді ( Ахзаб сүресі,6-аят). Ғұлама Хасан әл Басри (р.а.): «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Расулулланың мәулітін оқытуға жаратқан болдар едім» десе, Жүнәйд Бағдади (р.а.): «Кімде-кім Расулулланың мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол адам шынында иманды болыпты» - деген. Осыған орай, рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталып, пайғамбарымыздың өмір тарихын баяндайтын мәуліт жырына жалғасты.
Мешіт шәкірттері пайғамбарымызға деген сағыныштарын «Қош келдің Расулулалла» әнімен жеткізді, әрі ғибратты жыр термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық койылымдар көрсетті. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Кеш соңы өткендерден өнеге алып, пайғамбарымызға сәлемдер жолданып, «Пайғамбарға салауат» әнімен аяқталды. Жиналған қауым кештен рухани азық алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
Пайғамбарымыз: «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Һәм он нүнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі» дедеген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
27.11.2017
4072
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Сәтбаев дін орталығы | 27.11.2017 06:17
БӘРЕКЕЛДІ!