Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырды (ФОТО)

23.11.2017 4450 0 пікір
Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырды (ФОТО)

ҚМДБ-ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық имамдар мен дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі", "Имамның тұғырлық бейнесі", "ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы" және "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы", "ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы" қатарлы құжаттардан сынақ тапсырған болатын.

Осы мақсатта Жезқазған аймағына қарасты барлық имамдар Жезқазған қаласы, "Ахмет Ишан Оразайұлы" мешітінде емтихан тапсырды.

Сынақ төрағасы, ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы - теолог Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімділігін сараптаудан өткізді. Өңірге қарасты барлық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, молдалары мен азаншылары шариғат, ақида ілімдерімен қатар діни басқарма бекіткен  имамның этикасы, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді сұрақтарға жауап берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру