Талдықорған орталық «Иман» мешітінде Талдықорған өңіріне қарасты аудан және қала имамдарының жылдық қорытынды есеп отырысы болып өтті. Жиында ҚМДБ және бөлімдерінің тарапынан берілген тапсырмалар, дін мен дәстүр аясында жасалған іс-шаралар, орындалған жұмыстары бойынша аудан және қала имамдары есеп берді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ есеп берген имамдардың жұмысына баға беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға қатысты нақты тапсырма және ескертулер жасады.
Отырысқа ҚМДБ-дан арнайы іс сапармен келген ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын және мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қатысып, әрбір мешіттің құжаттары заңнамаға сәйкес болуын айта келе, ескертулер мен нақты тапсырмалар берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі
18.11.2017
3775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру